Назарбаев қорының құрылымындағы мектепте 1 сынып оқушысы зорланды

1 430

Алматыдағы беделді мектептердің бірінде 7 жасар бала зорланды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Анасы жеті жасар баламен не болғанын егжей-тегжейлі сипаттап берді.


"12 қыркүйекте балам мектептен жыртық шалбармен келді. Келесі күні мен оларды тікпек болғанымда оның іш киімінен ақшыл түсті бөліністерді көрдім", - деді әйел.


Анасы кейін баланы қарау кезінде оның зорлық-зомбылыққа ұшырағанын түсініп, полиция шақырған. Бала сот-медициналық сараптамадан өтті.


"Істің объективті мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу іс-шараларының кешені жүргізілуде. Тергеу барысы ерекше бақылауда", – деді Алматы ПД бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.


Қылмыстық іс ҚК 121-бабының 3-бөлігі “Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері” бойынша қозғалған.


"Аталған факті бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды", – деп хабарлады полиция қызметкері.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.