Балабақшада ерекше баланы балконға қамап қойған

1 500

Фото: Opennews.kz ЖИПетропавлда  ерекше қажеттілігі бар баласына жекеменшік коррекциялық балабақшада қатыгездік көрсетті деп айыптады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Ата-ананың айтуынша, олардың екі жасар ұлы балабақшадан бірнеше рет денесі көгеріп келген. Ал қолының балабақшада сынғанын дәлелдей алмаған.

Бір күні балабақшаға ескертпей барған ерлі-зайыпты ұлдарының құлыптаулы суық балконда жерде жатқанын көрген.

Бұл оқиғадан кейін ер адам балабақша басшылығынан бейнебақылау камераларындағы жазбаларды көрсетуді талап етіп, ұлының бұған дейін де балконға бірнеше рет қамалғанын көрген.

Ата-ана құқық қорғау органдарына шағымданғанымен, қылмыстық іс бірнеше рет тоқтатылған.

Солтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасының мәліметінше, осы оқиға бойынша балабақшаға қатысты әкімшілік шара қолданылған. Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулы шығарып, балабақша меңгерушісі айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартылса, тәрбиеші мен тәрбиешінің көмекшісі жұмыстан шығарылған.

Баланың ата-анасы бұл жаза жеткіліксіз деп есептейді, олар қайта тексеруді талап етіп отыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.