АУДАН ӘКІМІ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ
125

Аудан басшысы алдымен Әйтеке би кентіндегі автоматтандырылған электронды емтихан алаңына барып, «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы филиалы директорының орынбасарлары Еркін Дәуренұлы және Айдын Қайруллаевпен кездесті.
Кездесуде автоматтандырылған электронды емтихан алаңының құрылысы аяқталған соң «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы филиалының теңгеріміне өткізу мәселелері сөз болды.
Қазіргі таңда электронды емтихан алаңының құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Мердігер мекеме «Болашақ» ЖШС тиісті жұмыстарды жақын күндері аяқтайды. Құрылыс жұмыстары аяқталған соң бұл жерден қазалылықтармен қатар, көршілес Арал және Қармақшы ауданының тұрғындары жүргізуші куәліктерін алатын болады.

Қазіргі таңда Әйтеке би кентіндегі 6 көпқабатты тұрғын үйлердің ауласын абаттандыру жұмыстары да белгіленген кестеден кешігуде. Осыған орай аудан әкімі Мұхтар Оразбаев құрылыс басына арнайы барып, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мұрат Әбсұлтановқа құрылыс қарқынын күшейтуді тапсырды.
