СЫРДАРИЯ АУДАН ӘКІМІ ҚАТТЫ ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАРҒА АРНАЛҒАН ПОЛИГОН ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Сырдария аудан әкімі Берік Сәрменбаев Тереңөзек кентінде салынып жатқан қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигон құрылысымен танысты. Полигон «Қызылорда-Жалағаш» автожолының бойынан көлемі 4 гектар жерге салынуда, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Құрылыс жұмыстарын «Техоснастка-Ремсервис» ЖШС атқаруда. Аудан басшысы құрылыс жұмыстарының сапасына мән беруді атап, тиісті салалық орынбасарына тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.
Айта кету керек, полигон шаруашылық және өндірістік аймақтардан тұрады. Өндірістік аймақта тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптап жинайтын арнайы алаң, сүзгіш құдығы орналасады. Мұнда жылына 3500 тонна тұрмыстық қатты қалдықтар сұрыпталмақ.
Құрылыс жұмыстары аяқталып, полигон іске қосылғанда экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жақсарып, қоршаған ортаға және адам денсаулығына оң әсерін болары анық.