Бестеректегі жол апаты: төрт баланың өлімі үшін жүргізушіден 50 млн теңге өндірілмек

1 520

Фото: Видеодан кадр/КТК телернасыАбай облысы Бестерек ауылында төрт баланың өмірін қиған жол-көлік оқиғасы бойынша кінәлі деп танылған жүргізушіден марқұмдардың ата-анасына 50 миллион теңге моральдық шығын өндірілмек, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Сот материалдарына сүйенсек, жол-көлік оқиғасы кезінде жүргізушінің эпилепсия ұстамасы ұстап, соның салдарынан көлікті басқара алмай қалған. 

Сот жаза тағайындау кезінде істі жеңілдететін мән-жайларды, оның ішінде ер адамның кінәсін мойындауын, асырауында кәмелетке толмаған баласы бар екенін ескерді. Сот отырысының қорытындысы бойынша жәбірленуші тараптың азаматтық талап арызы қанағаттандырылып, жауапкер моральдық шығын үшін 50 миллион теңге өтемақы төлеуге міндеттелді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, қайғылы жағдай 19 тамызда Үржар ауданы Бестерек ауылында болған.

Көлік тізгіндеген 55 жастағы жүргізуші аулада жүрген алты баланы қағып кеткен. Оқиға орынында екі бала көз жұмды. Ал тағы біреуі жедел жәдел жәрдем көлігінде жан тапсырған. 9 жастағы қыз Семейдегі ауруханада көз жұмды. Екі отбасының баласы ауылға қыдырып барғаны белгілі болды.