Қызылордада бір адамды жүк пойызы қағып кетті

1 859

Фото: Пресс-служба КТЖҚызылордада бір адамды жүк көлігі қағып кеткен, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Оқиға бүгін 31 мамыр күні сағат 11:06-да «Қызылорда-Қазалы» бағытында орын алған.  Қызылорда-Қараөзек станциялары аралығындағы  2795 шақырымның №4-ші пикет тұсында №1075 жүк пойызы ер адамды қағып кеткені белгілі болған. Оқиға орнында қайтыс болған, 40 жастағы ер адам Қараөзек ауылының тұрғыны, ШЧ-39 мекемесінің механигі екені анықталған. 

Аталмыш оқиға басқа пойыздардың жүру кестесіне кедергі келтірген жоқ. 



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.