Қаржы министрі Үкіметтің не себепті шетелден қарыз алып отырғанын түсіндірді
Мемлекеттік борыштың өсуі республикалық бюджет тапшылығын жабу қажеттілігімен және маңызды әлеуметтік жобаларды қаржыландыру үшін қарыз алумен байланысты, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz
ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді.
Оның айтуынша заңнамада сыртқы қарыз қаражатын уақытылы игермегені үшін мемлекеттік органның бірінші басшысының жауапкершілігін белгілеу жөнінде норма қабылданды.
Сонымен қатар Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Ұлттық қордан берілетін нысаналы трансферт сомасының өсуі әлеуметтік міндет, дағдарысқа қарсы шараларды, мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыру және пандемия жағдайында экономикадағы іскерлік белсенділікті қолдау қажеттілігімен байланысты екенін атап өтті.