Жол қателікті кешірмейді...
Қызылорда гарнизонында әскери бөлімдер мен мекемелердің барлық санаттағы әскери қызметшілерінің қатысуымен шара өтті,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Жиынға Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің бастығы әділет капитаны Бақтияр Дәуренқұлов жетекшілік етті. Сонымен қатар, Қызылорда қаласының әкімшілік полиция басқармасының полиция капитаны Ғабидолла Нағметов пен әкімшілік практика бөлімінің инспекторы полиция аға лейтенанты Бауыржан Досмағұл шараға арнайы шақырылды.
Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің аға маманы ефрейтор Жасұлан Іскендіров пен Қызылорда қаласы әкімшілік полиция басқармасының өкілдері жеке құрам қауіпсіздігінің алдын алу үшін көлікпен жол жүру ережелері мен жол-көлік оқиғаларына қатысты сақтық шаралары туралы баяндама жасап, көлік оқиғалары мен әкімшілік-қылмыстың статистикалық көрсеткіштеріне тоқталды.
Айлық іс-шараның негізгі мақсаты автокөлік жүргізудегі мәдениеттілікті арттыру, әскери қызметшілердің жол-көлік апаттарын, әкімшілік құқық бұзушылықтарды, жүргізушінің көлікті түрлі жағдайда басқаруын болдырмау мен қылмыстың алдын алу болып табылады.
Қарулы күштердегі әр әскери қызметшінің өмірі мен денсаулығы маңызды. Осындай шаралар гарнизонда үнемі өткізіліп тұрады.
Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы
лейтенант Мұхит Қонаров