22 жастағы жұмысшы ток соғып, қаза тапты

1 518

Коллаж:© Kazinform / FreepikПетропавлдағы кәсіпорындардың бірінде көктемгі су тасқынына дайындық барысында жұмысшы мерт болды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясының мәліметінше, оқиға бүгін болған. Марқұм - 2004 жылы туған жігіт. Ол Солтүстік Қазақстан электр желісін тарату компаниясында қосалқы станция жабдықтарын жөндеу жөніндегі электрослесарь болып жұмыс істеген. Жұмысшы қосалқы станцияда көктемгі су тасқынына дайындық жұмыстарын жүргізу кезінде токқа түскен. Жұмыс арнайы рұқсатпен атқарылған. Өкінішке қарай, ол алған жарақаты салдарынан оқиға орнында көз жұмған.

Бұл жағдайға байланысты тиісті органдар тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы анықталатын болады. Солтүстік Қазақстан электр желісін тарату компаниясы басшылығы көз жұмған жұмысшының отбасына барлық қажетті көмек көрсетілетіндігін айтқан.

- Жоспарлы жұмыстарды жасау кезінде біздің әріптесімізді жоғары кернеулі электр тогы соқты. Медициналық көмек жылдам көрсетілгеніне қарамастан әріптесіміздің өмірін сақтай алмадық. Компания ұжымы әріптесіміздің туған-туысқандарына көңіл айтады. Отбасына барлық қажет болған көмекті көрсетеміз, — деді компаиня директоры Александр Чекулаев.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.