Вакцина салдырған соң жүкті екеніңізді білсеңіз, не істеу керек?

413
Оның айтуынша, мұндай жағдайлар орын ала қалса, адамдардың алаңдауы заңдылық.
Сарапшы екпенің алғашқы компонентін қабылдаған соң жүкті екенін білген адамға алаңдаудың еш қажеті жоқтығын алға тартты. Бүгінгі бар деректер бойынша вакцина алғаннан кейін әйел адам жүкті екенін білген болса, ешқандай әрекет жасаудың қажеті жоқ. Себебі бүгін дүние жүзінде жүкті әйелдерге коронавирус жұқпасына қарсы вакцинация жүргізу қарастырылып жатыр, - деді ол. Сондай-ақ ДДСҰ нұсқауы бойынша, жүкті әйел екі жағдайда вакцина алуы мүмкін көрінеді. Бірінші жағдай – жүкті екенін білмей вакцинация алуы. Жүктілік кезінде вакцинаның кері әсер ететін дәлелі жоқ. Сондықтан қорықпаған дұрыс, - деп отыр Манар Смағұл. Ал екінші жағдайда кейбір әйелдер жүкті екендігіне қарамастан аурудың алдын аламын деп вакцинация қабылдауы мүмкін.
Сарапшы бүгінгі таңда жүкті әйелдерге вакцинация жүргізу қажеттілігі бойынша АҚШ-та жұмыстар жүргізіліп жатқандығын тілге тиек етті. 
Бұған дейін Манар Смағұл «Вирус неліктен мутацияға ұшырайды?» деген сауалға жауап берді. Оның айтуынша, вирустың өзгеруі немесе мутацияға ұшырауы вакциналарды толығымен тиімсіз етпеуі керек.