Өңешіне бөгде зат тұрып қалған 1 жасар бала құтқарылды

1 574

Фото: ашық дерек көзіКөкшетауда жедел жәрдем бригадасының қызметкерлері бөгде затты жұтып қойған 1 жасар баланы құтқарып қалды,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ақмола облысы медициналық жәдел – жәрдем станциясының желідегі ресми парақшасындағы мәліметке қарағанда, ойыншықтың бір бөлшегін жұтып қойған 1 жасар балаға шақырту түскен.


«Диспетчер А.Ж. Қапезова жедел жәрдем жеткенше телефон арқылы ата-анасына бөгде затты шығару үшін баланы тізеге жатқызып, арқасынан соғу жөнінде кеңес берді. Артынша, жедел жәрдем бригадасы келіп баланы алып кетті. Алайда, жолда баланың тыныс алу қиындап, беті көгере бастайды. Осы кезде жедел жәрдем бригадасы фельдшері Д.С.Головня мен Ю.С. Стрельцова Геймлех тәсілі (бөгде затты алып тастау үшін қабылдау) арқылы баланың өңешінде тұрып қалған бөгде затты шығарып алады. Қазір баланың жағдайы қанағаттанарлық. Диспетчер А.Ж.Капезова 20 жылдан астам, фельдшер Д.С.Головня Көкшетау қаласының Жедел жәрдем станциясында 5 жыл жұмыс істейді, олар бұған дейін талай адамның өмірін сақтаған болатын», - деп жазылған ведомствоның желідегі парақшасында.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.