Қызылордада тұрғын үйлердің ауыз су құбырынан сары су ағып жатыр
Қызылордалық тұрғындар ауыз су құбырынан лас судың ағып жатқандығына наразылық білдіруде, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Көпқабатты тұрғын үйлер мен жеке үйлердегі құбырдан лас судың беріліп жатқанын қала тұрғындары Instagram-дағы Kritika_Kyzylorda парақшасына жариялаған болатын.
Тұрғындардың айтуынша, мұндай кіші дәретке ұқсас лас су күні бойына аққан. Лас судың қала орталықтарындағы бір емес бірнеше көше тұрғындары да аталмыш мәселені көтергендігі белігілі болды. Атап айтқанда, М.Шоқай, Әбдірахманов, Төле би, Алтынсарин секілді көше тұрғындары да ауыз судан зардап шегіп отырғандығын жеткізді.
Ал бұған жауапты "Қызылорда су жүйесі" мекемесінің жауапты мамандары бұл мәселені анықтап жатқанын жеткізді.