Қызылордада тұрғын үйлердің ауыз су құбырынан сары су ағып жатыр

419

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Opennews.kzҚызылордалық тұрғындар ауыз су құбырынан лас судың ағып жатқандығына наразылық білдіруде, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


 Көпқабатты тұрғын үйлер мен жеке үйлердегі құбырдан лас судың беріліп жатқанын қала тұрғындары Instagram-дағы Kritika_Kyzylorda парақшасына жариялаған болатын. 


Тұрғындардың  айтуынша,  мұндай кіші дәретке ұқсас лас  су күні бойына  аққан. Лас судың қала орталықтарындағы бір емес бірнеше көше тұрғындары да аталмыш мәселені көтергендігі белігілі болды. Атап айтқанда, М.Шоқай, Әбдірахманов,   Төле би, Алтынсарин секілді көше тұрғындары да ауыз судан зардап шегіп отырғандығын жеткізді.
 

«Біздің үйден кіші дәретке ұқсайтын су ағып жатыр. Не істерімді білмей отырмын», «Құбырларды тазаласа бұлай болмас еді», «Қаланың ортасында тұрамыз. Бізде мүлде су ақпай тұр», «Тіпті шәй секілді», десе енді бірі «Кола ағып жатыр» — деп жазды пікір білдірушілер.

Ал бұған жауапты "Қызылорда су жүйесі" мекемесінің жауапты мамандары  бұл мәселені анықтап жатқанын жеткізді.
 
«Қазіргі уақытта "Қызылорда су жүйесі" МКК мамандарымен аталған мекен-жайда орналасқан ауыз су жүйелерін тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқандығын»,- мәлімдеген. 
 
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.