Көпқабатты үйден құлаған әйел ауыр жағдайда ауруханаға түсті

1 523

Фото:© istockphoto.comКөпқабатты тұрғын үйдің терезесінен құлаған әйел ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 16 - шы наурыз күні шамамен сағат 16:00-де 28-шағын аудандағы №35 үйде болған. Төртінші қабаттағы пәтердің терезесінен 34 жастағы жергілікті тұрғын құлап түскен. Маңғыстау облысының полиция департаменті зардап шеккен адамның жеке басы анықталғанын хабарлаған. Оқиға кезінде пәтерде басқа ешкім болмаған.

Әйел құлағаннан кейін Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлердің айтуынша, оған біріктірілген жарақат, травматикалық шок, екі жақты гемопневмоторакс және жамбас сүйегінің ашық сынуы диагнозы қойылған. Науқас жансақтау бөлімінде жатыр және жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Дәрігерлер оның жағдайын өте ауыр екендігін айтқан.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.