Мектепте құлап, көз жұмған оқушының ісі қысқартылды

1 549

Фото: egemenАқтөбе қаласындағы №27 орта мектепте тіркелген қайғылы оқиға бойынша тергеу жүргенімен, іс қысқартылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Ақтөбе қаласындағы №27 орта мектептің 7-сынып оқушысы былтыр желтоқсан айында құлап,  көз жұмды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, ол үзіліс кезінде басын партаға соққан. Жедел жәрдем оны ес-түзсіз күйінде ауруханаға жеткізгенімен, бала өмірін аман алып қалу мүмкін болмады. Бүгінде бұл іс қысқарған. 


"Оқушы өліміне қатысты іс қылмыстық құрам болмаған соң қысқартылды", - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.