Қазақстан шетелге жұмыс істеуге баратын азаматтарды есепке алып, бақылап отырмақ

1 500

Фото: Opennews.kz ЖИҚазақстан шетелге жұмыс істеу үшін шығатын азаматтарды есепке алып, олардың сапарын бақылап отырмақ. Шара адам саудасы мен еңбек қанауының алдын алуға бағытталған. Тиісті жоспарды премьер-министр Олжас Бектенов бекітті, - деп хабарлайды   Opennews.kz  ақпарат агенттігі. 

28 қазан күні Үкімет басшысы “Қазақстан республикасы Үкіметінің 2027–2029 жылдарға арналған адам саудасына байланысты қылмыстардың алдын алу, болдырмау және оларға қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы” қаулыға қол қойды.

Құжаттың толық нұсқасы “Әділет” ұлттық құқықтық ақпарат жүйесінде жарияланған.

Жоспарға сәйкес, шетелге еңбек ету мақсатында шығатын қазақстандықтарды есепке алу және олардың сапарын бақылау тетігі әзірленеді. Бұл арқылы азаматтардың шетелде еңбек қанауына ұшырауы мен адам саудасының құрбаны болу қаупі азаяды. Аталған шараны 2027 жылдың екінші тоқсанында жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Бұдан бөлек, Қазақстанда жүрген шетел азаматтары мен еңбек мигранттарының құқығын қорғау жұмысы күшейтілмек. Оларға заңгерлік және әлеуметтік көмек көрсету, құқықтары мен қорғану жолдары туралы ақпарат беріледі. 

Сонымен қатар адам саудасының алдын алу үшін еңбек мигранттарының жұмыс және тұрмыс жағдайына мониторинг жүргізу жоспарланған.

Үкімет жеке жұмыспен қамту агенттіктері мен жұмысқа орналастыруға делдал болатын ұйымдардың қызме

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.