Мектеп оқушылары мінген автобус жеңіл көлікпен соқтығысып, екі адам қаза тапты

1 721

Фото: видеодан скринАлматы облысында оқушыларды алып келе жатқан автобус жеңіл автокөлікпен соқтығысты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Жол-көлік оқиғасы “Сокол” саяжай қоғамы аумағында оқушыларды тасымалдап бара жатқан жолаушылар автобусы мен Hyundai Accent автокөлігінің қатысуымен болған.

Жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жол апаты салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты, ал жолаушысы медициналық мекемеде көз жұмды. Басқа зардап шеккендер жоқ. Алдын ала деректер бойынша, Hyundai Accent жүргізушісі бұрылыс жасау кезінде жол бермей, автобуспен соқтығысқан, – деп хабарлады Алматы облыстық ПД.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу шаралары жүргізілуде. Жол-көлік оқиғасын тергеу Алматы облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауына алынды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.