Онлайн-санақ: қазақстандықтар қиындықтарға тап болды
269
Бір тәулікте 32 мыңнан аса қазақстандық ұлттық санаққа онлайн форматта қатысты. Алайда олардың кейбіреуі деректерін толтыру кезінде қиындықтарға тап болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Ведомство өкілдері ұлттық халық санағы 1 қыркүйекте басталғанын еске салды. Соңғы мәліметтер бойынша, sanaq.gov.kz сайтында 28 382 адам сауалнамаға жауап берді. Тағы 3528 қазақстандық еgov порталындағы сайт сілтемесін пайдаланған. Ал 512 адам санақ сұрақтарына Aitu қосымшасы арқылы жауап берді.
"Адамдарда онлайн-сауалнамадан өту рәсіміне қатысты бірқатар сұрақтар туындады. Атап айтқанда, кейбіреулер тұрақты мекен-жайын толтыру кезінде қиындықтарға тап болды. Сұхбаткер көше атауының алғашқы әріптерін енгізуі керек, содан кейін жүйе автомат түрде ұқсас нұсқаларды шығарады.
Бірінші әрекеттен қажетті мекенжай табылмаса, қазақ және орыс тілдерінде түрлі нұсқада теріп көру қажет. Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласындағы Жеңіс көшесі. Егер адам Жеңіс деп терсе, жүйе қажетті мекенжайды шығармайды. Себебі көше атауында қазақ тіліне ғана тән әріп бар. Айта кетейік, тұрғылықты мекенжайды толтырғанда, көше атауының Мекенжай тіркелімінде қалай көрсетілгенін ескеру қажет", - деді бюроның баспасөз қызметіндегілер.