Жеке кәсіпкер болып тіркелген такси жүргізушілері мен курьерлер шілдеден бастап салық төлемек

192

Елімізде 1 шілдеден бастап курьерлер мен такси жүргізушілері салық төлеуге міндеттелмек, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қаржы министрлігі бұл жобаға барлығы емес, тек тілек білдірушілер қатысатынын нақтылады. Ол үшін олар жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, онлайн-платформаға тиісті құжаттарды ұсынуы керек. Содан кейін операторлар ай сайын олардан жарты жылдық табысының 1 пайызын алады.


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінше, елімізде 500 мыңнан аса курьер бар.


Бұған дейін Мемлекеттік кірістер комитеті e-Salyq Business арнаулы мобильді қосымшасын пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолдану тізбесі пошта жөнелтілімдерін жеткізу жөніндегі қызметтерді қоспағанда, курьерлік жеткізу қызмет түрімен толықтырылғанын хабарлады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.