13 жастағы қызды туған ағалары алты жыл бойы зорлап келген

1 204

Фото: istockphoto.comЖамбыл облысындағы ауылда 13 жастағы қызды екі ағасы кішкентай кезінен бастап зорлап келген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

 Қазір оқушы анасымен бірге қауіпсіз жерде. Елдің оңтүстігіндегі жаға ұстатарлық жағдай туралы Қазақстанның бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Зәкиева мәлімдеді.

«6 жыл бойы туған екі ағасынан зорлық-зомбылық көрген 13 жастағы қыздың ісімен жұмыс істеп жатырмыз. Қылмыстық іс қозғалды, қыз анасымен бірге қауіпсіз жерге көшірілді, қажетті көмектің бәрі көрсетіліп жатыр», - деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Осы жайттан кейін аудан әкімінің орынбасары мен мектеп директорына қатысты шара қолданылған.

Белгілі болғандай, қыз оқитын мектеп – ауылдағы жалғыз білім ошағы. Бала психолог жинаған сауалнамада зорлық-зомбылыққа ұшырағаны туралы сигнал берген, бірақ оны ешкім елемеген.

Зәкиева лауазымды тұлғаларды немқұрайлығы үшін жауапқа тарту мақсатында прокуратураға жүгінгенін айтты.