Қызылордада отбасының шырқын бұзған 852 азамат есепке алынды
Қызылордада жанұясының шырқын бұзған 852 азамат есепке алынды деп хабарлады Opennews.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Қызылорда қалалық Полиция басқармасымен отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында орын алатын зорлық-зомбылықтың алдын алу, жолын кесу және құқық бұзушылықтарды анықтау бағытында профилактикалық жұмыстар күнделікті жүргізілуде.
Жыл басынан «102» арнасын жанұя жанжалы бойынша 962 хабарлама тіркелді. Тұрмыстық қарым-қатынаста сыйламаушылық әрекетін жасағаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабымен 78 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция тарапынан жанұя шырқын бұзған 852 азамат қорғау нұсқамасы санатымен есепке алынды.
Сонымен қатар, қорғау нұсқамасының талаптарын бұзып, соттық қаулысымен 234 азаматтың мінез-құлқына қатысты сот қаулысымен ерекше талаптар белгіленген.
Аталған азаматтар жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторларымен тұрғылықты мекенжайларынан үнемі тексеріліп, қайта құқық бұзушылыққа бармау бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп отырады.
Қала аумағында 3 әлеуметтік дағдарыс орталығы қызмет көрсетуде. Аталған орталықтармен жыл басынан бері 87 азаматқа әлеуметтік көмек көрсетілді.