Балабақшаларда орындарды сақтау үшін ата-аналардан негізсіз ақы алған

1 270

bestnews.kzПрокуратура жүргізген тексеру нәтижелері бойынша Астанадағы мектепке дейінгі мекемелерде көптеген заңбұзушылықтар анықталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Ақпаратқа сәйкес, балабақшаларда жалақысы заңсыз есептелген жалған қызметкерлер жұмысқа орналастырылған. Жымқыру фактілері бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабы негізінде сотқа дейінгі тергеу басталды.


"Демалыс кезеңінде мектепке дейінгі жеке мекемелердегі орындарды сақтау үшін ата-аналардан негізсіз ақы алу жағдайлары болған. Қадағалау органының араласуынан кейін шарттар қолданыстағы заңнамаға сәйкестендірілді", – делінген прокуратура хабарламасында.


Сондай-ақ, кейбір балабақшаларда мерзімі өткен дәрілік заттар сақталған. Бұған қоса құрамында сынабы бар шамдар дұрыс сақталмаған әрі жойылмаған.


Қадағалау актілері бойынша заңбұзушылықтарды дереу жою үшін шаралар қабылданып, кінәлілер жауапқа тартылды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.