Әйел күйеуіне бір бүйрегін беріп, өмірін сақтап қалды

1 500

Фото: Opennews.kz ЖИШымкент қалалық №1 клиникалық ауруханасында ер адамға жұбайының бір бүйрегі салынды. 21 қазанда жасалған отадан кейін екеуінің де жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр, - деп хабарлайды   Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Нұржанның денсаулығы биыл тамыз айында күрт нашарлаған. Жұмыс орнында жүрегі тоқтап, клиникалық өлімді бастан өткерген ол шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. Тексеру барысында бүйрек қызметінің айтарлықтай бұзылғаны анықталып, науқасқа диализ тағайындалған.

Бастапқыда Нұржанға туған әпкесі донор болмақ болған. Алайда медициналық тексеру нәтижелері оның донор болуына мүмкіндік бермеген. Осыдан кейін жұбайы Айгүл бүйрегін беруге шешім қабылдаған.

Қажетті тексерулерден өткен ерлі-зайыпты операцияға бір айға жуық дайындалған. Трансплантациядан кейін Нұржанның зертханалық көрсеткіштері жақсара бастаған.

Трансплантолог дәрігер Рахымжан Жолдыбековтің айтуынша, операцияға дейін науқастың қанындағы креатинин деңгейі айтарлықтай жоғары болған.

«Трансплантациядан кейін креатинин көрсеткіші 70-ке, ал несепнәр деңгейі 3,5-ке дейін төмендеді. Донордың да жағдайы жақсы. Қазіргі уақытта екеуінің де жағдайы тұрақты», – деді дәрігер.

Қазір Нұржан мен Айгүл мамандардың бақылауында. Алдағы уақытта ерлі-зайыпты оңалту кезеңінен өтіп, дәрігерлердің тұрақты қадағалауында болады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.