Қазақ азаматы АҚШ-та суицид жасамақ болған әйелді құтқарды

582

АҚШ-та тұратын қазақ азаматы суицид жасамақ болған әйелді құтқарып қалды- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

ШҚО-да дүниеге келген Ақжан Аңсағанов көпірден секіруге бекінген әйелді ұстап қалып, полиция келгенше оның көңілін аулауға тырысқан.


Қазақ жігітінің әрекетін жайлы әлеуметтік желіде Талғат Алман есімді азамат баяндады. Оның айтуы бойынша, оқиға 2 қараша күні болған. 

"Видеодан Ақжан мен өзге куәгерлердің қызды тыныштандыруға тырысып жатқанын көре аласыздар. Ең қызығы, Гавайи штатының мэрі Ақжанға ерлігі үшін алғыс білдіріп, 8-қарашаны ресми түрде Ақжан Аңсағанов күні деп белгілепті. Меніңше, адамдар мұндай батырларды білуі тиіс", - деп жазды Талғат Алман. 

 



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.