Әлеуметтік қорғау саласында атқарылған шаралар қорытындысы

1 690

Фото: kcsonsg.mszn27.ruҚызылорда қаласы бойынша әлеуметтік сала бойынша тұрғындарға қолдау шаралары көп, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қала бойынша 2024 жылдың 1 қазанына келесі аз қамтамасыз етілген азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетілді:

4351 отбасына (22426 адамына) 1 586 409,6  мың теңге атаулы әлеуметтік көмек;

6300 балаға 72808,7  мың теңге жолда жүру ақысына;

565 отбасына (1905 адамына) 13 406,5 мың теңге тұрғын үй көмегі;

Жекелеген санаттағы (ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне, қаза тапқан жауынгерлердің  қайтадан некеге отырмаған жесірлеріне «Құрмет» атағы бар, үйі өртенген, ҰОС жылдарында кемінде 6 ай жұмыс істеген тыл ардагерлеріне, Ауған соғысының, Чернобыль, Совет Армиясының мүгедектеріне және Семей апаттынан зардап шеккен азаматтарына және т.б.) әлеуметтік қолдауды қажет ететін 2374 адамға 566 340,1 мың теңге төленді.

Мүгедектігі бар адамдарды оңалту шараларын жүзеге асыру бойынша:

1 топ мүгедектігі бар адамдарға 1146  жеке көмекшілердің қызметіне 1 035 697,2 мың теңге;

17 ымдау тілі мамандарының қызметіне 59 300,4  мың теңге;

Мүгедектігі бар адамдарды инватакси қызметімен қамтамасыз етуге 30589,4 мың теңге;

544 үйде тәрбиеленіп және оқытылатын мүгедектігі бар балаларды материалдық қамтамасыз етуге 33 844,6 мың теңге төленді.    

Тұрғын үй көмегі

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республика сының 1997 жылғы 16 сәуірдегі  Заңының  97–бабына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы  8 желтоқсандағы № 117 бұйрығына сәйкес:

Тұрғын үй көмегі көрсетілген қызметті алушыларға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі. Тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерiн және тәртiбiн қалалардың жергiлiктi өкiлдi органдары "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы  1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңынын 97 бабына сәйкес айқындайды.

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды тапсыруға болатындығын хабарлаймыз;

1)өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжатты,

2)отбасының кірісін растайтын құжаттарды (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда), жұмыс орнынан анықтама немесе

3)жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтаманы (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда),

4)балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтерді, 5)банктік шотты, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шотты, коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттарды, 6)телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесін, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган

7)жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шоты.

«Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі

«Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін алуға өтініш қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

2) www.egov.kz «Электрондық үкімет» веб-порталы.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: Мемлекеттік корпорацияға, порталға жүгінген кезде – көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын тіркеген күннен бастап – 8 (сегіз) жұмыс күні

Құжаттар тізбесі:

Мемлекеттік корпорацияға немесе порталға мемлекеттік қызметті көрсету үшін Қағидаларға 1 немесе 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтініш берген кезде сәйкестендіру үшін өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс.

Жеке басын куәландыратын құжаттың, баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) немесе азаматтық хал актілерін жазу органдары берген туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме немесе азаматтық хал актілерін тіркеу органдарымен берілген азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама, неке қию (ерлі-зайыптылық), некені бұзу туралы куәлік; балаға қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленгенін растайтын құжат немесе туу туралы актілік жазбадан бала асырап алу туралы мәліметтер, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың, оқу орнынан мүгедектігі бар баланың үйде оқитындығын растайтын мәлімет, дәрігерлік-консультациялық комиссия қорытындысының мәліметтері, банктік шоттың нөмірі туралы, өтініште көрсетілген мүгедектігі туралы анықтама мәліметтерін тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «Электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.

Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған кезде өтініш беруші келесі құжаттарды қоса береді:

1) дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы;

2) мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтама.

Құжаттарды салыстыру үшін түпнұсқасы және көшірмесі беріледі, құжаттардың түпнұсқасы көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

Порталда:

1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысанда көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін өтініш сұрау салуы;

2) дәрігерлік-консультациялық комиссия қорытындысының электрондық көшірмесі;

3) мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтаманың электрондық көшірмесі.

Бас тарту үшін негіздеме:

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі);

3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;

4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

Өтініш беруші қолданылу мерзімі өткен құжаттарды және (немесе) құжаттардың толық емес топтамасын ұсынғанда өтініш берушіге Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төлем тағайындауға өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі.

Үйде қызмет көрсететін ұйымның арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету шарттары

Қызмет алушыларды оларға бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін үйде қызмет көрсету ұйымына жіберуді қызмет алушының тұрғылықты жері бойынша қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалардың уәкілетті органы жүзеге асырады.

Мемлекеттік емес нысандары үйде қызмет көрсететін ұйым қызмет алушыларды қабылдауды шарт негізінде жүзеге асырады.

Қызмет алушыларды бюджет есебінен арнаулы әлеуметтік қызмет ұсынатын үйде қызмет көрсету ұйымына қабылдау мынадай құжаттардың негізінде:

Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттіккорпорациясы» КЕАҚ алу үшін (қажетті құжаттар):

қызмет алушының жазбаша өтініші, ал кәмелетке толмаған және іс-әрекетке қабілетсіз адамдар үшін – заңды өкілінің (ата-анасының біреуінің, қамқоршының, қорғаншының) өтініші

Психологиялық-медециналық-педогогикалық консультация қорытындысы

баланың туу туралы куәлігінің немесе жеке куәлігінің көшірмесі;

мүгедектігі туралы анықтаманың

медициналық карта (2-қосымша);

мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының көшірмесі

Өтініште көрсетілген мүгедек туралы анықтама мәліметтері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «Электрондық үкімет» шлюзі арқылы алынады.

Құжаттардың көшірмелері түпнұсқасымен бірге ұсынылады, салыстырып тексергеннен кейін түпнұсқа өтініш берушіге қайтарылады.

Жазбаша өтінішті және осы Стандартта көзделген басқа да құжаттарды қабылдағаннан кейін уәкілетті органның маманы бес жұмыс күні ішінде мүгедектің және қарт адамның тұратын жеріне барады және тұрғын үй және басқа да материалдық-тұрмыстық жағдайларды зерттеп-тексеру актісін (3-қосымша) жасайды.

Тұрғын үй және басқа  да материалдық-тұрмыстық жағдайларды зерттеп- тексеру актісі тексеру жүргізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде жасалады.

Қызмет көрсетілетін қызмет алушыларды әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант тіркеу журналына (4-қосымша) тіркейді.

Арнаулы әлеуметтік қызметке мұқтаж және бір отбасында тұратын балалар, ТҚА бұзылған балалар, 18 жастан асқан адамдар жеке адам ретінде есептеледі.

Арнаулы әлеуметтік қызметке мұқтаж және бір отбасында тұратын мүгедектер мен қарттар бір адам ретінде есептеледі.

Әлеуметтік қорғау саласында атқарылған шаралар қоғамның әл-ауқатын арттыру, әлеуметтік теңсіздікті азайту және азаматтардың әлеуметтік қолдау жүйесін жақсарту мақсатында жүзеге асырылады. Әлеуметтік қорғау саласындағы шаралар көп аспектілі болып табылады және әртүрлі топтарға бағытталған бағдарламалар мен қызметтерді қамтиды.

Әлеуметтік қорғау саласындағы атқарылған шаралар азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, әлеуметтік теңсіздікті азайтуға және елімізде өмір сүру жағдайларын жақсартуға бағытталған. Әлеуметтік қорғау жүйесі тиімді жұмыс істегенде, қоғамның барлық мүшелері өз құқықтары мен мүмкіндіктеріне ие болады.