Мектеп күзетшісі бала зорламақ болған
Ақтаудағы 10 мектептің күзетшісі бала зорламақ болды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Lada.kz басылымына сілтеме жасап.
Мектептің ата-аналары күзетшіні бала зорламақ болды деп айыптап отыр. Таратылған аудиохабарламада демалыс күндері мектептің ауласында кәмелетке толмаған қыздардың ойнап жүргені айтылған. Олардың бірін оқу орнының күзетшісі подъезге шақырыпты. Содан кейін ол қызды күзет үстелінің артына апарып, оған тиісе бастаған. Бала қашып құтылыпты.
Белгілі болғандай, зардап шеккен қыздың анасы полицияға арыз түсірген. Бұл фактіні мектептің өзі растап, оқиға жексенбі, 12 мамырда болғанын хабарлады. Күзетші дереу қамауға алынды. Оның бұл әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Облыстық полиция департаменті күдіктінің ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынғанын хабарлады.