Қызылордалық полицейлер Анталияда өткен жекпе-жектен алтын иеленді
227

Жарыс тартысқа толы болды. Өйткені ойынға кіл мықтылар іріктеліп алынып, жоғары деңгейде өнерлерін ортаға салды. Спорттық додада Қазақстаннан барған жерлесіміз 80 келі салмақ дәрежесінде Қызылорда облысы ПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының аға инспекторы Нұршат Аманқосов сынға түсті. Жарыс барысында 4 кездесу өткізіліп, барлығын айқын жеңіспен аяқтап, алтыннан алқа тақты.
Қарсыластары Әзірбайжан,Түркия, Румыния, Украинадан келген спортшылар болды. Одан бөлек 85 келі салмақта өнер көрсеткен Қызылорда облысы ПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы Нұрбол Сқақов әріптесінің жетістігін қайталап, әлем кубогын жеңіп алды.
Оның қарсыластары болған Өзбекстанның, Түркия, Сербия, Украинаның спортшылары болды. Жеңімпаздар кубоктар, алтын медальдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.