Қызылордалық полицейлер Анталияда өткен жекпе-жектен алтын иеленді

237

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Түркияның Анталия қаласында 17-23 қазан күндері әмбебап жекпе-жектен әлем кубогы өтіп, Қызылордалық полицейлер жеңіс тұғырынан көрінді, – деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 


Жарыс тартысқа толы болды. Өйткені ойынға кіл мықтылар іріктеліп алынып, жоғары деңгейде өнерлерін ортаға салды. Спорттық додада Қазақстаннан барған жерлесіміз 80 келі салмақ дәрежесінде Қызылорда облысы ПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының аға инспекторы  Нұршат Аманқосов сынға түсті. Жарыс барысында 4 кездесу өткізіліп, барлығын айқын жеңіспен аяқтап, алтыннан алқа тақты.


Қарсыластары Әзірбайжан,Түркия, Румыния, Украинадан келген спортшылар болды. Одан бөлек 85 келі салмақта өнер көрсеткен Қызылорда облысы ПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы Нұрбол Сқақов әріптесінің жетістігін қайталап, әлем кубогын жеңіп алды. 



Оның қарсыластары болған Өзбекстанның, Түркия, Сербия, Украинаның спортшылары болды. Жеңімпаздар кубоктар, алтын медальдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.