15 метр биіктіктен құлаған зауыт қызметкері ауыр хәлде жансақтау бөлімінде жатыр

1 516

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: ©Baq.kz архивіПавлодарда зауыт аумағында биіктен құлаған әйел ауыр жарақат алды, зардап шегуші жансақтау бөлімінде жатыр,- деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі BAQ.kz сайтына сілтеме жасап.

Өнеркәсіп кәсіпорнының аумағында биіктен құлап, ауыр жарақат алған әйел қазір жансақтау бөлімінде ем қабылдауда. Оның жағдайы тұрақты ауыр жағдайда.
Оқиға 30 - шы наурыз күні «KSP Steel» ЖШС аумағында тіркелген.

Зардап шегуші жансақтау бөліміне жатқызылды, оған хирургиялық ота жасалды. Жағдайы тұрақты ауыр, есін біледі, - деп мәлімдеді денсаулық сақтау басқармасынан.

 Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлағандай, 1979 жылы туған зардап шегуші көптеген жарақатпен №1 қалалық ауруханаға шұғыл жеткізілген. 

Қазіргі уақытта оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр. Медициналық қызметкерлер зардап шегушінің жағдайын қадағалап, қажетті ем-дом шараларын жүргізіп отыр.

Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары ұйымдастырылуда. Комиссия құрамына жұмыс беруші мен жұмысшылардың өкілдері және мемлекеттік еңбек инспекторы кірді. Тергеу 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады, - деп хабарлады департамент өкілдері.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.