Путин 9 мамырда Украинаға соғыс ашады - БАҚ
308
Ресей президенті Владимир Путин 9 мамырда Украинаға қарсы соғыс ашуы мүмкін. Бұл туралы АҚШ-тың CNN телеарнасы мәлімдеді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі Нед Прайстың айтуынша, Ресей үкіметі 9 мамырда үгіт-насихат мақсатында ресейліктердің Украинадағы арнайы операция туралы ойын өзгертуге күш жұмсайды.
Батыс және Украина шенеуніктерінің айтуынша, шабуыл басталғаннан бері Ресей кем дегенде 10 мың әскерден айырылды. Ресей Қорғаныс министрлігі 25 Наурызда 1351 әскери адамның қайтыс болғанын жеткізген еді.







