ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ЖУРНАЛИСТ НАЗГҮЛ КЕНЖЕТАЙ ҚАМАУДА

1 177
Белгілі әскери журналист қызылордалық Назгүл Кенжетай мен оның досы  Эмин Карачакты Ресей Федерациясының құрамына   кіретін Хакасия Республикасында  экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері  қамауда ұстап отыр, деп хабарлайды  «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.

Жерлесіміз Назгүл Кенжетай бүгінде Түркияда тұрады. Ол Түрік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған.

16 желтоқсанда Түркиялық «GZT» басылымының редакторлары Назгүл Кенжетай мен Эмин Карачак Ресейдің Хакасия Республикасындағы түрік қауымдарының өмірі туралы деректі фильм түсіру кезінде ұсталған. Кенжетай мен Карачакты экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ұстап, заттарын тәркілеп, барлық кадрларды жойғандығы да белгілі болды. Қазіргі таңда екеуі де Абакан полициясының қамауында, кейін елден шығарылатындығы да айтылған.

Журналистер биліктің қамауда ұстау мерзімін ұзарту үшін депортациялауды кейінге шегеріп жатқанын, ешқандай жағдайдың жоқтығы мен телефондары үнемі бақылауда екендігін айтады. Назгүл Кенжетайдың айтуынша, ол Қазақстанға Краснояр арқылы ұшпақ болған.

Абакан қалалық соты Кенжетай мен Карачакты Ресейге кіру ережесін бірнеше рет бұзған деп таныды. Сот қолдауына ие болған Ресей Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, блогерлер – Назгүл мен оның түркиялық досы екеуі Ресей шекара заңын бұзып кіріп, арнайы түріктік БАҚ үшін видео түсіріп, аккредитациясыз жұмыс істеген.  Десек те, бұған дейін Кенжетай мен оның серігі Якутияда дәл осы бап бойынша айыппұл төлегендігі де айқындалған. 

«Біз ешқандай әскери қызметте жүрген тілшілер емеспіз. Бар болғаны Хакасияда байырғы халықтардың мәдениетін көрсету мақсатында бейнеролик түсірдік. Біз жай ғана видеоблогерлерміз, Якутияда, Бурятияда, Тофаларияда, Алтайда, Хакасияда болдық. Пейзажды түсіруге олардың рұқсатын алмағанымыз үшін, бұлар біздің телефондарымызды алып қойып, адвокатпен байланысуға мүмкіндік бермей, бізді заңсыз ұстап отыр. Қамаудың алғашқы күндері су, тамақ бермей аш отырдық, қазір де жарылқап жатқандары шамалы. Ең сорақысы – біздің тіпті жатақханада қалған құрал-жабдықтардағы бейнежазбаларымызды да өшіріп тастады», – дейді Назгүл Кенжетай.

Назгүлдің ағасы, белгілі дінтанушы Досай Кенжетай Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі үн шығара алмай отыр. Міне қазақ дипломатиясы. Назгүлдің дипломдық тақырыбы сол, әлемдегі аз түркі этностарының болмысы болатын», – деді

Ал, дінтанушы ғалым қарындасы үшін уайымдаулы, еліміздің Сыртқы істер министрлігіне ренжулі көрінеді.


Айгерім РАХЫМЖАНҚЫЗЫ