Жол апаты кезінде үш адам көлік ішінде қысылып қалды

1 584

Фото: Ашық дерек көзіАлматы облысында жол апаты болып, үш адам көліктің ішінде қысылып қалды. Оларды шығару үшін құтқарушыларды шақыруға тура келген,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Жол-көлік апаты 21 қаңтарда, таңертең Алматы облысында Ұлан және Жамбыл кенттері арасында болған. Екі көлік бір-біріне соқтығысқан кезде бір көлікте үш адам қысылып қалған. Көліктегі адамдарды шығару үшін бес адамнан тұратын Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары көмекке келген. 

"Құтқарушылар гидравликалық авариялық-құтқару жабдығының көмегімен үш зардап шегушіні көліктен шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды", - делінген хабарламада.