Ақтөбеде 12 жасар баланы ит талап өлтірді

266

Ақтөбенің Есет батыр ауданында құрылыс алаңынан 12 жастағы баланың өлі денесі табылды.

Қазір сот-медициналық сараптама жасалып жатыр, деп хабарлайды Экспресс К.

Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің жергілікті полиция бөлімінің басшысы Ардана Саймағамбетовтың айтуынша, оқиға кеше түнде болған. Департаментке түнгі сағат 00-де баланың жоғалғаны туралы хабар түскен. Құрылыс алаңында баланың өлі денесі табылды. Бала көп қан жоғалтқан. Денесінің басым бөлігі, яғни басы, қолы мен аяғы жарақаттанған.

Болжам бойынша, жарақат жануардың тістеуінен болған. Яғни ит талап өлтірген болуы мүмкін.

Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды. Облыс әкімінің орынбасары Жақсығали Иманқұлов бұл істі облыс әкімі Оңдасын Оразалин бақылауға алғанын айтты.