Ер адам егіз балаларын зорлаған

1 603

Фото: 4tololo.ru/contentАтырауда әкесі 3 жасар егіз ұл мен қызына жыныстық зорлық-зомбылық жасады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. Бұл туралы "НеМолчи" қорының өкілдері мәлімдеді.


Мәліметке сүйенсек, күдікті - балалардың туған әкесі. Әйел 43 жасында ЭКО арқылы егіз балаларын дүниеге әкелген. 

 

"Бұл менің кінәм екенін білемін, бірақ мен бұл қылмыскердің жазаланғанын қалаймын", – дейді әйел.


Балалардың қорқып қалғанын бірінші болып балабақшадағы апайлары байқаған. Балалар бір-бірінен ажырамай қолдарынан ұстап жүреді екен. Әбден қорқып қалған балалар түсініксіз суреттер сала бастаған.


Аналарының сөзінше, күдіктінің құзырлы органдарда таныстары бар. Істі тергеуші балалардың анасынан тергеуден бас тарту туралы өтініш жазуды талап еткен. 


"Қазіргі уақытта қосымша кешенді сот-медициналық сараптама тағайындалды. Нәтижеге сәйкес құқықтық шешім қабылданады", –делінген полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.