40 күнге дейін қамалады: Қарағандыда биіктіктен секіремін деп мерт болған әйелге қатысты полиция пікір білдірді
392
Қарағандыда 25 мерт биіктіктен роупджампингпен секірген әйелдің өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеуді басталды - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Қарағанды облысының полиция департаменті "Созвездие" қонақүйінің аумағында көз жұмған әйелдің өліміне пікір білдірді."Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 306-бабы 1-бөлігі ("Тұтынушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету, сол сияқты көрсетілген тауарлардың, жұмыстардың немесе қызметтердің қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін куәландыратын ресми құжатты заңсыз беру немесе пайдалану, егер бұл әрекеттер абайсызда адамның денсаулығына зиян келтіруге әкеп соқса") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Жағдай анықталуда", - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінен.
Осы бап бойынша күдікті белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айырылуы мүмкін. Немесе бұл тыйым қолданылмастан, 160 АЕК-ке дейін айыппұл төлеуге, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не болмаса 160 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тартылуы ықтимал. Немесе 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу көзделген.
Еске сала кетсек, қарағандылық әйел биіктіктен роупджампингпен (жоғарыдан белге арқан байлап секіру – ред.) секіремін деп мерт болған болатын. 25 метр биіктіктен секірген 33 жастағы әйел жерге құлап, ауыр жарақат алған. Жарақаттарының салдарынан ол ауруханада көз жұмған.
Тағы да оқыңыздар
Ардагерлер ән салған күн
1 502