Ер адам зорланған егіз қыздардың әпкесінің жыныс мүшесін көсеумен күйдірген
Балалар омбудсмені Динара Закиева Алматы облысындағы зорланған үш жасар егіз қыздарға барып, олардың отбасындағы тағы бір шындықтың бетін ашты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Айтуынша, қыздар қазір ауруханада. Ол, сонымен қатар, отбасының басқа балалары тұрып жатқан сәбилер үйі мен балалар үйіне барған.
Сол кезде ҚК-нің 140-бабы “Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау” бойынша іс қозғалған. Уәкіл іс 110-бап "азаптау" бойынша қозғалу керек болғанын айтады. Әрі ол іс тек сол кезде нағашы әжесінің үстінен қозғалғанына наразы. Айтуынша, ер адам кінәсін мойындаған.
“Сот ата-ана құқығынан айыру туралы өтінішті қабылдамай, айыппұлмен жаба салды. Нәтижесінде бала үйде оқытуға ауыстырылды және екі жылы азаппен өтті. Сөйтсе, олар зорлық белгілерін жасыру үшін оны күйдірген”, – деді Закиева.
Ол бұл жағдайға жауапты өкілдердің жазалануын талап етті.
Ол Президенттің тапсырмасы бойынша осы нормалардың барлығын мемлекеттік органдармен және AMANAT фракциясының Парламент депутаттарымен өткен айда ұсынылған балалардың қауіпсіздігін және алдын алу жүйесін қамтамасыз ету жөніндегі заң жобасына енгізгенін мәлімдеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы облысында 40 жастағы ер адам үш жасар екі қызды зорлады деп күдікке ілінді.
Құқық қорғаушылардың айтуынша, кішкентай қыздың қынабынан қан кетіп, ауруханаға жеткізілген. Осы кезде оны өгей әкесі зорлағаны белгілі болды. Алайда кейін бұл өгей атасы екені анықталды. Нағашы әжесі бұл егіздің сыңарымен де болғанын мойындады. Бірақ азаматтық некедегі жұбайы, яғни қыздардың өгей атасынан қорқып, айтпаған. Қыздардың әжесі де қамауға алынды.