Көшеде теледидар көтеріп жүрген ұрылары ұсталды
Алматыда пәтер ұрлығымен айналысқан күдіктілер ұсталды,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Алматыда криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қала аумағында жасалған пәтер ұрлығына күдікті тұлғаларды анықтап, ұстаған.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікті жеке тұрғын үйге заңсыз кіріп, одан жасырын түрде жеке мүлікті, оның ішінде теледидарды ұрлаған. Жәбірленушіге материалдық шығын келтірілген.
Жедел шаралардың нәтижесінде полицейлер қылмысты жасаған болуы мүмкін негізгі күдіктіні, сондай-ақ ұрланған мүлікті сатып алған деген күдікке ілінген тұлғаны ұстаған. Айғақты заттар тәркіленіп, қылмыстық істің материалдарына тіркелген.
Қазіргі уақытта ұсталғандардың осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы бары тексерілуде.







