Көшеде теледидар көтеріп жүрген ұрылары ұсталды

1 514

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Алматыда пәтер ұрлығымен айналысқан күдіктілер ұсталды,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі. 

Алматыда криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қала аумағында жасалған пәтер ұрлығына күдікті тұлғаларды анықтап, ұстаған. 

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікті жеке тұрғын үйге заңсыз кіріп, одан жасырын түрде жеке мүлікті, оның ішінде теледидарды ұрлаған. Жәбірленушіге материалдық шығын келтірілген. 

Жедел шаралардың нәтижесінде полицейлер қылмысты жасаған болуы мүмкін негізгі күдіктіні, сондай-ақ ұрланған мүлікті сатып алған деген күдікке ілінген тұлғаны ұстаған. Айғақты заттар тәркіленіп, қылмыстық істің материалдарына тіркелген. 

Қазіргі уақытта ұсталғандардың осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы бары тексерілуде. 

Пәтер ұрлықтары азаматтардың қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін қылмыстар қатарына жатады. Оларды ашу және барлық қатысы бар тұлғаларды анықтау бағытындағы жұмыс жүйелі түрде жүргізіледі. Әрбір осындай дерек тұрақты бақылауда, – деді Алматы қаласы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Асхат Даулетияров.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.