ЖҰМЫЛДЫРУ ДАЙЫНДЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ЖҮЙЕЛІ
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Азаматтық қорғау, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, аумақтық қорғанысты қамтамасыз ету, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Бұл аталған міндеттер облыстық жұмылдыру дайындағы басқармасының тікелей қызметі. Аталған басқарма маңызды мәселелердің бел ортасында жүреді. Биыл 3 нысанда қорғаныс бөгеттерін жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жоспарға енгізіп, Арал ауданындағы 2 нысан бойынша жұмыстарды бастап кетті. Сондай-ақ 2024 жылдың мамыр айында Сырдария өзенінің су шаруашылығы нысандарына зерттеу жұмыстары жүргізіліп, жөндеу жұмыстарын қажет ететін 14нысан анықталған. Бұл туралы облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Марат Құрманбаев хабарлады.
Брифинг барысында басқарма басшысы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасын алдын алу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.
Жалпы облыс бойынша залалсыздандыру жұмыстарының тиімділігі 98,1% құрап отыр",- деді Марат Ердәулетұлы.
Қаз
Рус






