Аудан әкімінің орынбасары 60 млн теңге пара алды деген күдікпен 2 айға қамалды

321

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Шымкентте аудан әкімінің орынбасары 60 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікпен қамалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 



Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин Facebook-тегі парақшасында хабарлады.


Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі аудан әкімінің орынбасары мен әкімдіктің бас маманына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.


Олар бір топ адам болып алдын ала сөз байласуы арқылы мегаполисті абаттандыру жөніндегі мемлекеттік сатып алу келісімшартын орындау кезінде кәсіпкерден қамқорлығы үшін 60 млн теңге мөлшерінде пара алды деген күдікке ілінген.


Шымкент қаласы сотының санкциясымен әкімнің орынбасары 2 ай мерзімге қамауға алынды.


«Тергеу жалғасып жатыр. Өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Сонымен бірге Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмысты жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрқайсысы кінәсіз болып саналады»,–  деп жазды Дәурен Ерғарин.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.