Балаларға тегін балмұздақ таратқан кәсіпкерге айыппұл салынды

1 510

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото:© Видеодан скринАқтауда 14-шағынауданда балаларға тегін балмұздақ пен йогурт таратқан кәсіпкер күтпеген жерден жауапкершілікке тартылды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.

Қалалық әкімдік бұл үшін арнайы рұқсат алу міндетті екенін айтып оған 86 500 теңге айыппұл салған. Оқиға 1-ші тамыз күні болған. Кәсіпкер жаңа нысанның ашылуына орай балаларға 50 дана балмұздақ пен 30 дана йогуртты тегін таратқан. Сауда орнының иесіне 20 АЕК (86 500 теңге) көлемінде айыппұл салынған. Себебі мұндай акцияны өткізбес бұрын әкімдіктен арнайы рұқсат алу талап етілген.

"Біз кәсіпкерлердің осындай бастамаларына қарсы емеспіз. Алайда өнімді тегін тарату қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жүргізілуі тиіс. Осындай іс-шараларды ұйымдастырмас бұрын жергілікті атқарушы органнан тиісті рұқсат алып, балаларды қуанту үшін қауіпсіз әрі заңды басқа да тәсілдерді қарастырған жөн. Мұндай акциялар кезінде адамдардың көп жиналуы түрлі келеңсіз жағдайларға әкелуі мүмкін", – деп мәлімдеді қалалық әкімдік.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.