"Миы шайқалып, аяғы сынды": Бала сауда орталығындағы алты метрлік шахтаға түсіп кеткен
Алматыда алты жасар бала ағаларымен бірге ойын-сауық кешенінде батутта көңіл көтеріп, жасырынбақ ойнап жүріп, шахтаға құлап кеткен, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.
Әбдірахманның ата-анасы сегіз жыл күткен ұлынан айырылып қала жаздады. 30 қазанда бала “Аватария” ойын-сауық кешенінде шахтаға құлап, жарақат алған. Жақындары кінәлілердің жазалануын талап етеді.
Бала бірнеше қабатқа ұшып, медициналық орталықтың шатырына құлапты. Оған алғашқы медициналық көмек сол жерде көрсетілген.
Шахтаға құлаған алты жасар бала шынтағына сүйеніп, ішке құлап, алты метрге ұшып кетті. Осы жағдайдан кейін ғана бұл жер тақтамен және суретпен жабылған. Ата-анасының айтуынша, баласы құлап қалғанына бір күн өтсе де бұл орын әлі ашық болған.
Ойын-сауық орталығының өкілдері барлық шығынды, соның ішінде өтемақы төлеуге дайын екендерін айтқанымен, жәбірленушілер тым көп ақша сұраған көрінеді.
Іс бойынша полиция жұмыс істеп жатыр.
Сонымен қатар полицейлер жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына тексеру жүргізу туралы өтініш жолдады.