Әскерде жүрген сарбаздарға құрт, қымыз, шұбат, жылқы еті берілетіні рас па

522
Қазақстанның Қарулы күштері бас штабының ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаментінің бағыт аға офицері Руслан Тапашев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте елімізде әскерилерді тамақтандыру жүйесінің өзгергенін жеткізді. 

Оның сөзінше, әскери қызметкерлердің тамақтануын ары қарай жақсарту бағытында Қазақ тамақтану академиясымен бірлесе ұлттық дастарханның ерекшеліктерін ескере отырып, азық-түлік нормаларын жетілдіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы орайда әскерилердің тамақтануы рационына қосымша жылқы, қой, түйе, үйрек, қаз етін және түрлі балық еттерімен толықтыру жоспарлануда. Сонымен қатар Руслан Тапашев құрт, қымыз, шұбат сияқты дәстүрлі тағамдар мен сусындарды енгізу қарастырылғанын атап өтті. "Осы арқылы тамақтану құрамын жақсартамыз", - деді ол.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.