Елімізде ескі көліктерге салынатын салық өзгеруі мүмкін

1 750

Фото: naryk.kzҚаржы вице-министрі Ержан Біржанов елімізде көлік салығының жүктемесін қайта бөлу мүмкіндігі пысықталып жатқанын айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.



"Қазір көлікке қатысты жұмыс тобы тиісті талқылау өткізді. Біз бұл мәселені «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен Үкімет деңгейінде қарастырып жатырмыз. Ресми мәлімдеме жасауға әлі ерте, өйткені шешім әлі түпкілікті қабылданған жоқ. Біз 20-30 жыл пайдаланылып келе жатқан ескі көлікке қатысты мәселе көтеріп жатырмыз. Яғни, түзету коэффициентін қолдануды ұсындық, яғни оларға жаңа автомобильге арналған ставка бойынша салық салынбайды. Сонымен қатар, халыққа жүктемені азайтуға бағытталған басқа да ұсыныстар бар. Ал егер тым қымбат көлік болса, бұл ретте сән-салтанат салығы ескерілмек. Осы арқылы салық жүктемесін қайта бөлу мүмкіндігі пысықталып жатыр", - деді Е. Біржанов Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.


Оның айтуынша, барлық ұсыныс пысықталғаннан кейін түпкілікті шешім қабылданады. Жақында жаңа Салық кодексінің жобасы таныстырылады.