ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ АНА: КҮНДЕ ӘКІМДІКТІҢ ЕСІГІН КҮЗЕТЕМІН, ӘКІМ ХАНЫМ ШЫҒЫП ҚАЛАДЫ МА ДЕП...
918
Қызылордалық көпбалалы аналар облыс әкімдігіне мүлдем кіре алмаймыз деп наразылығын айтуда,-деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.
Біздің өңірімізде барлығы 26 729 көпбалалы отбасы бар екен. Десек те, әр отбасыға мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек те бар. Алайда, қол созым жерде отырған жергілікті биліктің берер көмегі болмай отыр,-дейді аналар.
«Айта-айта Алтайды Жамал апам қартайды», демекші қаламыздағы көпбалалы аналардың бүгінгі күні мәселесі бітер емес. Себебі, Қызылорда облыстық әкімдігі шешімін табу үшін де ат салысар емес дейді ашынған аналар. Олай дейтініміз, әлеуметтік желіге әкімдіктің табылдырығын тоздырған аналар жариялап отыр. Әкімдік есігіне қойылған қара құлып ашылар емес деп наразылықтарын жеткізуде. Расында облыстық әкімшілк қақпаларына орнатылған қара құлыптың ашылар күні бар ма?
Бір топ жиылған аналардың айтуынша, осы уақытқа дейін облыс әкімімен жүзбе - жүз кездесе алмай жүргендеріне наразы. 2020 жылдың 28 наурызда әкім болып тағайындалғалы көпбалалы аналардың қоғамдағы мұң-мұқтажы көбейген. Әр апта сайын есік тоздырған аналардың басты мәселесі - баспана. Осы мәселелердің бірін естір құлақ болып қалар деген үмітпен, екі күннің бірінде облыстық және қалалық әкімдіктің алдын торуылдап отыруды әдетке айналдырған.
«Мен көпбалалы анамын. Күнде осы әкімшіліктің есігін күзетемін, әкім ханым шығып қалады ма деп! Үй кезегінде тұрғаныма бірнеше жылдың жүзі болды. Әлі пәтер берілген жоқ. Жылда келесі жылы сізге өз кезегіңізбен беріледі деп шығарып салады. Алайда, баяғы жартас сол жартас болып, пәтер мәселесі өз шешімін таппай келе жатыр. Бізге де жұрттың үйін жағалаған ыңғайсыз. Ең құрығанда 2 бөлмелі өз үйіміз болсада болар еді» - дейді жалғызбасты ана Перизат ханым.
Көпбалалы аналар әкімнің ресми қабылдауына жазылса да, әлі күнге дейін бірде-бір рет жолы түспегендігін алға тартуда. Сондағы әкімнің ресми қабылдауынан не пайда? Халық мұңын тыңдайтын уақыт таппаған әкімнің қабылдауы қалай жүріп жатыр? Елбасымыз бір сөзінде: «...Әкімдер халықтың мұңына құлақ асып, етене араласыңдар» деп тапсырма берсе де, біздің облыс басшысы шынымен халықпен тиімді байланыс орнатудың жолын білмейтіні ме?
Осы орайда, облыс әкімдігіне арнайы сұрау жіберген болатынбыз. Біздің билік бұлжытпай 278 қабылдау болғандығы, оның ішінде 62 көпбалалы аналардың 128 мәселесі қаралғандығы берілген. Ендігі түйсік, облыс әкімдігі келген жанның бетін қайтармай қабылдау жүргізіп отырса, неліктен аналар далада шыр-пыр болып жүр? Кім-кімді алдағандай? Қағаз жүзінде тау қопарған әкімдік, іс-жүзінде тасты да көтере алмағандығы байқалады? Расында қаншама ананы зар қақтырып, отырған билік басындағы Әбдіқалықова Гүлшара Наушақызы да әуелі ана екендігін де ұмытпағаны абзал. Әйел жанын әйел ұғынар десек, кері кеткенін қайтерсіз?
«Облыс әкімінің ресми қабылдауына да жазылдым, алайда бірде бір қабылдауына кіре алмадым. Бізді қабылдай алмайды екен, сондықтан біз осылай әкімшіліктің алдында әкімдерді тосып жүрміз. Осылай әкімдерді күзетіп кездеспесек, ресми бұл кісілермен кездесу мүмкін емес екен», - дейді көпбалалы ана Нағима.
Расында, халықтың проблемасына құлақ түріп тыңдай алмайтындай қазіргі әкімдер шынымен қауқарсыз болғаны ма? Облыс әкімдігіне келіп мәселелерін айтпақшы болса, адам құрлы көрмей табалдырықтан әкімшіліктің еңгезердей күзетшілеріне ұстатып жіберіп, әлімжеттік көрсеткенді ғана біледі ме? Ең құрығанда неге жылына бір қала әкімін қойшы, облыс әкімі ресми кездесу жасап, халықпен неге етене араласпайды? Әлде басшылықта жасайтын қызметкерлер қарапайым халықпен жақын араласқанды ар санайды ма? Бұл кісілердің бет-жүзін көгілдір экраннан тамашалау үшін арналған ба? Неліктен тұрғындардың ортасына шығып, бой түземеске? Көтерілген мәселелерді шешу үшін қандай жағдай жасалып отыр? Сан соқтырған билік басшылары, халықты зар қақтырғаны несі?
Облыс әкімдігінен басқа барып, көмек сұрайтын жер қалмады. Қала әкімдігі қабылдамай, облыс әкімдігі есік ашпай отырған көпбалалы аналардың барар жер, басар тауы қалмады....
АЙБАР