Әйел көпқабатты үйден секіріп, қаза тапты

1 555

Бүгін таңертең Астанадағы Тілендиев даңғылында орналасқан №44 а үйдің терезесінен бір әйел секіріп кетіп, қаза тапты,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметі мен полиция әйелдің жарақаттан көз жұмғанын растады. Қазір оның «Жеті жол-3» тұрғын үйінің терезесінен не себепті секіргені анықталып жатыр.  


Қалалық полиция департаменті қайғылы оқиғаны «Өз-өзіне қол жұмсауға итермеледі» деген баппен тіркеді. Енді осы оқиғаға байланысты сараптама жасалады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.