Оқушы қыз соғыс ардагерін соққыға жығып, жамбасын сындырды
Петропавлда Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагері Василий Макиенконы ауруханаға түсті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Оны көшеде жүгіріп жүрген оқушы қыз соғып кеткен. Солтүстік Қазақстанда Ұлы Отан соғысының үш ардагері қалған. Олардың барлығы Петропавлда тұрады. Солардың бірі – Василий Макиенко. Қарт майдангер күнде серуендеп, кептерлерді тамақандыруды әдетке айналдырған. Ал кеше ардагерді Ғ. Мүсірепов ескерткішінің маңында жүгіріп бара жатқан оқушы қыз соғып, құлатқан.
Ардагер бірден көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізілді. Оның жамбас сүйегі сынған.