Оқушы қыз соғыс ардагерін соққыға жығып, жамбасын сындырды

1 522

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Жеке мұрағаттанПетропавлда Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагері Василий Макиенконы ауруханаға түсті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Оны көшеде жүгіріп жүрген оқушы қыз соғып кеткен.  Солтүстік Қазақстанда Ұлы Отан соғысының үш ардагері қалған. Олардың барлығы Петропавлда тұрады. Солардың бірі – Василий Макиенко. Қарт майдангер күнде серуендеп, кептерлерді тамақандыруды әдетке айналдырған. Ал кеше ардагерді Ғ. Мүсірепов ескерткішінің маңында жүгіріп бара жатқан оқушы қыз соғып, құлатқан.

“Бейнебақылау камерасынан ардагерді 9-10 жасар қыздың соғып кеткенін көруге болады. Оқушы тіпті бұрылып қарамаған. Ал атам құлап, өздігінен тұра алмаған. Қанша уақыт жатып қалғаны да белгісіз. Оны сол маңда өтіп бара жатқан жүргізушілер байқап, жедел жәрдем шақырған”, – дейді ардагердің немересі.

Ардагер бірден көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізілді. Оның жамбас сүйегі сынған.

“Ардагер толық медициналық тексерістен өткізілді. Хирургиялық көмек қажет емес. Науқас дәрігерлердің бақылауында”, – деп мәлімдеді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.