"Таңдауым Тоқаев емес, Путин" деген тұрғынмен ҰҚК айналысып жатыр

289
Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы сарымен көрсетілген карта.
Владимир Путинді президентім деп атаған Солтүстік Қазақстан облысының тұрғынымен ұлттық қауіпсіздік комитетінің осы облыстағы департаменті айналысып жатыр, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін әлеуметтік желіде видео жарияланып, онда екі қыз Петропавлда тұратынынын және қаланы "орыстың байырғы жері" деп санайтынын айтқан.

Олардан кімге дауыс беретінін сұрағанда "Тоқаевқа емес, Путинге дауыс береміз" деп жауап берген.
Олар мұнан өзге, қазақстандық достарының Украинаға қарсы Ресей жағында соғысып жүргенін айтқан. Қазақстан заңы бойынша өзге елдегі соғысқа қатысуға тыйым салынады.

Өткен аптада Қазақстан БАҚ-тары Орал қаласының жергілікті тұрғынын "әлеуметтік араздық туғызғаны және сепаратизмі үшін" соттайын деп жатқанын хабарлаған. Бұл хабарға қарағанда, Орал тұрғыны Максим Яковченконің әлеуметтік желідегі пікірлері ішінде "Қазақстанның кейбір қалаларын Ресейге беру керек" деген сөз болған.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.