19 жастағы жігіт 4-сынып оқушысын зорламақ болған

1 536

Фото: Ашық дерек көзіТалдықорғанда 19 жастағы жігіт 10 жасар қызды балабақша маңында зорламақ болған. Өтіп бара жатқандар қызды ер адамның залым әрекетінен құтқарып қалды,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Деректерге сай оқиға “Күншуақ” балабақшасының маңында болған. 10 жасар қызға белгісіз азамат келіп өлтіретінін айтып қорқытқан. Содан соң шалбарын шешіп, жыныстық қатынасқа түспек болғанда өтіп бара жатқан адам байқап, көмекке келген. Кейін қыз анасына хабарласып, барлық мән-жайды айтып берген. Полицейлер ізін суытпай 19 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады.


“Қазір ол қамауға алынды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жеке құрам көтеріліп, шағын ауданның периметрі қоршалған. Іс бойынша қажет сараптамалар тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды. Тергеу облыстық полиция департаментінің ерекше бақылауында”, – делінген хабарламада.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.